Дактилоскопия ерікті түрде жүргізіледі

298

Саусақ ізін тапсыру шетелдік азаматтар үшін міндетті болады. 

Дактилоскопия ерікті түрде жүргізіледі Фото: inbusiness.kz

Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша, өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы екінші оқылымда қабылданды. Тиісті өзгертулерді қамтитын құжат Сенатқа жолданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Аталмыш заң жобасы биылғы 4 қазанда бірінші оқылымда мақұлданған болатын.

Түзетулерге сәйкес, серіктестік ұйымдар мен келісімдер институты енгізіледі. Бүгінде пилоттық режимде ауылдарда "Қазпошта" бөлімшелерінде фронт-офистер табысты жұмыс істеп жатыр. Мемлекеттік қызметтер банктік қосымшаларда қолжетімді.

"Қазақстан азаматтарының жеке куәлігін және паспортын алған кезде дактилоскопиялық тіркеуден өту міндеттілігін алып тастауға бағытталған түзетулер енгізілді", - делінген құжатқа берілген түсініктемеде.

Яғни, енді олар тіркеуден өз еркімен өте алады. Бұл ретте саусақ ізі шетелдік азаматтар үшін міндетті болады.

Бұдан басқа, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін ЖСН алу үшін Қазақстан аумағындағы тіркеу органдарына жеке өтініш беру талабы да енгізіледі.

Сондай-ақ, Заң жобасымен мемлекеттік қызмет көрсету процесі екіге бөлінеді. Мемлекеттік қызметтерді тек мемлекеттік органдар ғана көрсетеді, ал нәтижелерді қабылдау мен беруді мемлекеттік органдар дербес немесе әріптестік ұйымдар арқылы жүзеге асыра алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу