Дактилоскопиялық тіркеу: Ішкі істер министрлігіне 14,1 млрд теңге бөлінген

376

Қаражатты бөлу “ҚБП” белгісі бар техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес жүргізілді және жария етуге жатпайды, делінген Inbusiness.kz ресми сауалына берген жауапта.  

Дактилоскопиялық тіркеу: Ішкі істер министрлігіне 14,1 млрд теңге бөлінген Фото: freepik.com

“Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы” Заңды іске асыру және “Жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіру” автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру мақсатында Үкіметтің қаулысымен Ішкі істер министрлігіне 14,1 млрд теңге бөлінді.

“Бөлінген қаражат аясында орталық және резервтік деректерді өңдеу орталығының серверлік үй-жайлары жабдықталды, орталық және резервтік деректер орталығының серверлік жабдықтары, автоматтандырылған жұмыс орындары сатып алынды, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылды және қызметкерлерді оқыту жүргізілді. Бүгінгі күні “Жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіру” ақпараттық жүйесін іске асыру үшін қаржы қаражаты толық көлемде бөлінді, қажетті жабдық сатып алынды және орнатылды”, - делінген ІІМ ресми жауабында.

Сондай-ақ, бөлінген қаржы қаражаты шеңберінде “Жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіру” ақпараттық жүйесінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтан өткізу көзделген.

ІІМ мәліметінше, өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгеннен кейін “Жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіру” ақпараттық жүйесін қорғауды Мемлекеттік техникалық қызмет АҚ-ның Мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығы жүзеге асыратын болады.

Министрлік жиналған деректерді қорғауға қанша қаражат кететінін жауапсыз қалдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу