"Дәл қазір керек": Қостанай әкімі көмек сұрап, тұрғындарға үндеу жасады

485

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев Үлкен көпір маңында су тасқынымен күресу үшін тұрғындардан көмек сұрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Дәл қазір керек": Қостанай әкімі көмек сұрап, тұрғындарға үндеу жасады Фото: Бейнежазбадан

Ол табиғи апатпен күресу үшін адамдардың жетіспей жатқанын айтты.

"Бүгін өзен арнасынан тасуы мүмкін, таңнан бері 700-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр. Олар шаршады, бізге көмек керек. Бейжай қарамайтын, көмектесуге ниетті барлық жерлесімізді көпірге келуге шақырамын. Жұмыс қапты құммен толтыруға байланысты. Дәл бүгін, дәл қазір көмегіңіз керек", – деді әкім.

Соңғы деректерге сәйкес, Қостанай облысында қар еріп, тасқын судың қатеріне байланысты Қарасу ауданы Қарамырза ауылында бақылау жүргізіліп жатыр.

Тобыл мен Алтынсарин қалаларында эвакуация жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу