Танымал актер, шоумен Нұрсұлтан Жақсыген екі ұлының анасымен ажырасқанын мойындады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
“Менің міндетім – ата-анамның разылығын алу. Әйелімнің міндеті – ерінің разылығын алу. Біліп қойыңдар. Сондықтан қайырлы болса, жақындатады, қайырсыз болса, алыстатады. Біреудің өміріне араласпаған ұзақ өмір сүреді екен. Балаларыма көмектесіп тұрамын. Ондай әке емеспін. Апта сайын көрісіп, қыдыртып тұрамын. Анам той жасау қамына кірісті. Мәслихат өткізіп жатыр. Ұрыссыз, жанжалсыз ажырастық. Жақсы жар болмасақ та, жақсы ата-ана болуға уәде бердік. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Бізге махаббат қызық мол жылдар нәсіп етсін деп дұға тілеңіздер!”, – деп жазды актер.
Актердың бұрынғы әйелі де ажырасып кеткендерін оқырмандарына айтып берді.
“Сіздер тұрмақ өзім де ажырасып кеткенімнен шок алдым. Ешкім алда не күтіп тұрғанын білмейді. Өзіңе сен өлгенше деп бекер айтылмаған екен”, – деді Фариза Алмасқызы.