"Дәлелді сөйлеуі керек еді": Ертісбаев Нүкенованың адвокаты Игорь Вранчевтің үстінен іс қозғауды сұрады

266

Оның айтуынша, адвокат дәлелсіз сөйлеген. 

 "Дәлелді сөйлеуі керек еді": Ертісбаев Нүкенованың адвокаты Игорь Вранчевтің үстінен іс қозғауды сұрады Фото: Turkystan.kz

Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Бас прокурор Берік Асыловтан Бишімбаевтың сотында Ескі Қазақстанды тілге тиек еткен жәбірленушілердің адвокаты Игорь Вранчевке қатысты іс қозғауды сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, сотта адвокат іс бойынша, Қылмыстық кодекстің белгілі бір бабы бойынша ғана сөз сөйлеуі керек еді.

“Заңды және құжаттық фактілермен шағымданып, өз ісінің шеңберінен шықпай, істі бүкіл халықтың тағдырымен байланыстырмай, дәлелді сөйлеуі керек еді. Басып өткен тарихи жолға қандай да бір саяси баға беру үшін, саяси демагогия және бос әурешілікке салынудың қажеті жоқ. Осы тұрғыдан алғанда, адвокат Вранчев Бишімбаевқа қатысты сот отырысында сұмдық сөз сөйледі. Оның айтуынша, кедейлер жек көретін адамдар – элиталық паразиттер тобы", – деді Ертісбаев.

Ертісбаевтың шағымына марқұм Салтанат Нүкенованың адвокаты Игор Вранчев жауап берді. 

“Ертісбаев өзінің Қазақстан паразиттері партиясының емес, ең алдымен Қазақстан халық партиясының төрағасы екенін ұмытпауы керек. Оның партияластары Қазақстан халық партиясының беделіне нұқсан келтіретін адамнан құтылады деп ойлаймын. Паразиттер туралы айтқан сөздерімнен кейін маған ешқандай қауіп төнген жоқ. Көшеде ит үрсе, сен кері үрмейсің. Айта берсін. Бұл – жай ғана олардың белгілі бір пікірі”, – деді Вранчев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу