Сирия астанасы Дамаск қаласында лаңкестік оқиға болды: Сирия әскерінің жауынгерлері толы автобус жарылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Екі жарылыс салдарынан кемінде 14 адам қаза тапты. Қолдан жасалған үшінші жарылғыш зат іске қосылмады, оны саперлер зиянсыздандырды.
Сондай-ақ тағы үш адам түрлі деңгейде жарақат алған. Шабуыл Раис көпірінің жанында, әйгілі Дамароуз қонақ үйінің жанында жасалды.
20 қазанда Ауғанстан астанасы Кабул қаласында тағы да жарылыс болды. Зардап шеккендер бар. Оқиға қаланың Дехмазанг деп аталатын ауданында, нақтырақ айтқанда, шекара полициясы штабының ғимаратына қарама-қарсы жерде болған. Жарылыстың неден болғаны анықталып жатыр.
Табиғат Нұрболат