Дамаск маңындағы атыстан бір адам қаза тапты

753

Бұл – соңғы бес күнде Сирияға жасалған екінші соққы.

Дамаск маңындағы атыстан бір адам қаза тапты

Израиль Дамаск маңына зымыранмен шабуыл жасап, салдарынан кемінде бір адам ажал құшты. Тағы үш адам жарақат алған. Бұл туралы SANA агенттігі хабарлады.

Ресми дерек бойынша, жарақат алғандардың барлығы да – әскерилер. Әзірге қаза тапқан адам туралы мәлімет жарияланбады. Шабуыл Галилеяның солтүстігіндегі әуе кеңістігінен жасалған. Сирияның әуе соққысына қарсы күштері зымыранның бір бөлігін жерге құлатты. Бұл – соңғы бес күнде осы елге жасалған екінші соққы. 
Бұған дейін Сирияның радио және теледидар дирекциясы араб республикасының әуе қорғанысы құралдары Дамаск маңындағы зымыран шабуылына тойтарыс бергенін мәлім еткен еді. Бірақ Израиль әскерінің нақты нысаны туралы айтылмады. 

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу