Даму әлеуеті бар моноқалаларға қоныс аударғандар үшін жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама әзірленеді

724

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев моноқалалардағы шағын және орта бизнесті 5%-бен қаржыландырудың жеке бағытын қарастыру қажет деп санайды. Бұл туралы ол Екібастұзда өткен моноқалаларды дамыту жөніндегі республикалық кеңес барысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап.

Даму әлеуеті бар моноқалаларға қоныс аударғандар үшін жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама әзірленеді

"Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында моноқалалардағы шағын және орта бизнес субъектілерін 5%-бен жеңілдетілген қаржыландырудың жеке бағытын қарастыру қажет. Жеңілдікпен шағын несие беру аймақтарын кеңейту керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы даму әлеуеті бар моноқалаларға қоныс аударушыларға жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама әзірлеуді тапсырды.

"Мемлекеттік тұрғын үй саясаты аясында даму әлеуеті төмен моноқалалардан қоныс аударушыларға арналған жеке бөлім болуы тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Қорытындылай келе Президент республика үкіметіне жиында көтерілген барлық мәселелерді тез арада пысықтап, реттеуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу