Даму әлеуеті жоғары ауылдардың тізімі қайта жаңартылады

Әлихан Смайылов "Ауыл – ел бесігі" ұлттық жобасын тиімді іске асыру бойынша құзырлы органдарға тапсырмалар жүктеді.   

Даму әлеуеті жоғары ауылдардың тізімі қайта жаңартылады Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті ведомство басшыларына "Ауыл – ел бесігі" ұлттық жобасын тиімді іске асыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

"Біріншіден, Ұлттық экономика министрлігі облыс әкімдіктерімен бірге "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларын сапалы, уақытылы іске асыруды қамтамасыз етуі керек", – Әлихан Смайылов.

Екіншіден, ол Ұлттық экономика министрлігі Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу барысында болашағы бар ауылдарды айқындау әдістерін жаңартуды тапсырды.

"Үшіншіден, даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендер тізімін өзектендіруге байланысты Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері, облыс әкімдіктері республикалық бюджетті нақтылау кезінде "Ауыл – ел бесігі" жобасын қаржыландыру мәселесін пысықтасын", - деп тапсырды Үкімет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу