"Даму" қолжетімді кредит беру бағдарламасы бойынша субсидия берді

1260

Бөлінген қаражатқа кәсіпкер өнімдерінің ассортиментін және шығарылатын өнім санын айтарлықтай көбейту үшін өзінің өндірістік желісін модернизациялауға жұмсауды жоспарлап отыр.

"Даму" қолжетімді кредит беру бағдарламасы бойынша субсидия берді

"Даму" қоры басым жобаларға қолжетімді кредит беру бағдарламасы бойынша Жамбыл облысындағы Мерке сыр зауытына алғашқы субсидияны берді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі

Сыйақы мөлшерлемесі 14,95% құрады, оның 6,95%-н мемлекет субсидиялайды. Қарыз сомасы – 16 млн теңге, мерзімі – 7 жыл.

Бөлінген қаражатқа кәсіпкер өнімдерінің ассортиментін және шығарылатын өнім санын айтарлықтай көбейту үшін өзінің өндірістік желісін модернизациялауға жұмсауды жоспарлап отыр. Кәсіпорын басшысы Айтуленов Дастанның айтуынша, "Даму" қорының қолдауымен "Банк ЦентрКредит" АҚ-дан алынған қарыз сыр зауытының қуатын 10-12%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаны аяқтау мерзімі 2019 жылдың сәуір айы деп белгіленген. Осы мерзімге дейін жабдықтарды монтаждауды аяқтап, іске қосу көзделген.        

Айта кетсек, басым жобаларды кредиттеу механизмі жылдық 15%-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен кредит береді, сыйақы мөлшерлемесінің  жылдық 7%-ына дейін "Даму" қоры субсидиялайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу