"Даму" қоры арқылы 100 млн теңге несие алып беремін деген алаяқ сотталды

298

Айыпталушы әр адамнан 1 млн теңгеден алған.  

"Даму" қоры арқылы 100 млн теңге несие алып беремін деген алаяқ сотталды Фото: egemen.kz

Астанада жеңілдетілген несие алып беруге уәде етіп, азаматтардан ақша алған алаяқ сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол жәбірленушілерге "Даму" қорының бағдарламасы арқылы 100 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие рәсімдеуге көмектесетінін айтқан. Осы үшін әрқайсысынан 1 млн теңгеден ақша алған. Алайда азаматтармен консалтингтік қызмет көрсету туралы жалған шарт жасап, уәдесін орындамаған.

Осылайша төрт жәбірленушіге жалпы 4 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген. Прокурор сотта сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен оған 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу