"Даму" қоры кәсіпкерлерге жайлы жағдай жасап отыр

1308

"Даму" қоры кәсіпкерлерге жайлы жағдай жасап отыр

"Даму" қорының облыстағы филиалы биыл 100-ге жуық жобаға субсидиялауды және 50 жобаны кепілдендіруді көздеп отыр.

Қордың мобильді кәсіпкерлікті қолдау орталығы өткен жылы облыстағы 120 ауылдық округке барып, ауыл тұрғындарына 2152 қызмет көрсеткен. Ал "Даму-Көмек" бағдарламасы аясында 30 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер қолдауға ие болған.

"Жұлдыздарға қара" байқауына қатысқан мүмкіндігі шектеулі 4 кәсіпкер  өз бизнес-жобаларын жүзеге асыруға қайтарымсыз грант алған. Сондай-ақ "Мүмкіндігі шектеулі әйелдердің кәсіпкерлік қабілетін дамыту" оқыту семинары ұйымдастырылған.

Аймақтың 16 топ-менеджері "Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту" компоненті бойынша Назарбаев университетінде тегін оқыту курсынан өткен. Кәсіпкерлікке ынтасы бар азаматтар үшін "Жаңа ашылған бизнесті қолдау" және "Студент жастардың кәсіпкерлік әлеуетін қолдау" атты оқыту жобасы жүрген.  Онда 194 адам оқудан өтсе, 37 қатысушы "ЖК" және "ЖШС" ретінде тіркеліп, 28 субъекті екінші деңгейлі банктер  мен БҰҰ Даму бағдарламасы арқылы қаржыландыруға қол жеткізген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу