"Даму" қоры сыйақы субсидиясын қарау мерзімін қысқартпақ

664

56 млрд теңгенің 250 жобасы мақұлданды.

"Даму" қоры сыйақы субсидиясын қарау мерзімін қысқартпақ Фото: lada.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Даму" қоры арқылы қанша жобаға қолдау көрсетілгенін айтты. 

"Қазіргі таңда "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры жобаларды қараудың оңтайландырылған форматына көшіп жатыр. Шешімдер жеке-жеке емес, бір уақытта қабылданады. Бұл бағыт бойынша 30 сәуірге дейін 3,5 млрд теңгенің 71 жобасы қолдау таппақ. Сондай-ақ, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мерзімін 5 күннен бір күнге қысқарту шешімі қаралуда. Қазірдің өзінде 56 млрд теңгенің 250 жобасы мақұлданды. Ал кепілдендіру құралын өзгерту мерзімі 6 сағатқа қысқартылды. Бұл бағытта қор 37 жобаны мақұлдады", – деді Дәурен Абаев.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу