Гаухар Асылбекқызы Бөрібаева "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның жалғыз акционері – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның шешімімен қордың басқарма төрайымы және директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Гаухар Бөрібаева Қазақ мемлекеттік заң университетін (құқықтану), Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (қаржы), The London College UCK (бизнес менеджмент саласындағы магистр) бітірген.
Еңбек қызметін 2003 жылы Оңтүстік Кореяның GreenIntegrated LogisticsCo.LTD көлік компаниясында менеджер болып бастады.
Әр жылдары ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ-да, "Қазақстанның Даму банкі" АҚ-да, "Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС-да, "Альянс Банк" АҚ-да, "Ұлттық көліктік логистиканы дамыту орталығы" АҚ-да (қазіргі "ҚТЖ Express" АҚ), "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалында жұмыс істеген.
2013 жылғы тамыздан 2017 жылғы наурызға дейін ҚР Президенті істер басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымының қаржы-экономикалық мәселелері жөніндегі вице-президенті.
2017 жылғы наурыздан 2018 жылғы маусымға дейін "Даму" қоры әкімшілік департаментінің директоры, басқарушы директоры қызметтерін атқарды.
2018 жылғы маусымнан бастап "Даму" қорының басқарма төрағасының орынбасары лауазымында болған.