"Даму" қорының басқарма құрамы өзгерді

606

Енді қордың басқарма құрамы бес адамнан тұрады. 

"Даму" қорының басқарма құрамы өзгерді

"Даму" кәсіпкердікті дамыту қоры" АҚ басқармасының құрамы өзгерді. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды, деп жазады kaztag.kz.

Басқарушы директор, басқарма мүшесі Қуаныш Ұласбековтың қызметтік өкілеттігі ҚР Еңбек кодексінің 49 бабы 1 тармақшасына сәйкес (тараптардың келісімімен шарттың тоқтатылуы) мерзімінен бұрын тоқтатылды. 

Енді "Даму" қорының басқарма құрамы бес адамнан тұрады: төрағасы – Абай Сарқұлов; төраға орынбасары – Гаухар Бурібаева, Дәулет Әбілқаиров пен Ғалым Нұрғазиев; басқарушы директор – Әсет Шәріпов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу