"Дамумед" бойынша әр жағдай жекелей зерттеледі

710

Қоғамдық денсаулық басқармасы да порталға қатысты тексеру жүргізуді бастаған.  

"Дамумед" бойынша әр жағдай жекелей зерттеледі

Еске сала кетсек, "Дамумед" ақпараттық порталына қатысты дау туған болатын. Алматылықтар дәрігер қабылдауында болмағанымен жүйе оларды кеңес алды деп тіркеген. Бұған байланысты онлайн брифинг барысында Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы да өз пікірін ортаға салды.

"Бұл мәселені бақылауға алдық. Қазір осы ақпараттық жүйеге қатысты даулы мәселелер туындай бастады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бұл дерекке қатысты қызметтік тексеруді бастап кетті. Қоғамдық денсаулық басқармасы да тексеруді бастайды. Оның нәтижесінде бірқатар шешім қабылданады", – деді Қамалжан Надыров.

Сонымен қатар ол ақпараттық жүйенің пайдалы тұстары көп екенін айтады.

"Осы қосымша арқылы адам барлық сараптама қорытындыларын көре алады. Бұл технология өте ыңғайлы. Жүйе көптеген жұмысымызды жеңілдетті. Алайда бұл даулы  әр жағдай бойынша жекелей зерттеу жүргізу керек. Мұндай жұмыстар міндетті түрде ұйымдастырылады", – деді спикер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу