Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті "Даму" ақпараттық технологиялар орталығы" ЖШС-не қатысты тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жүргізілген тергеп-тексеру нәтижесінде "DAMUMED" кешенді медициналық ақпараттық жүйесіне қолжетімділік көрсету және оны техникалық сүйемелдеу қызметтері бойынша монополиялық жоғары баға белгілеу фактісі анықталды.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Серіктестікке 286 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу