Дамушы елдердің валютасы арзандап жатыр

912

2021 жылы дамушы елдердің экономикасы бұрын болжанғаннан да тезірек жанданады.

Дамушы елдердің валютасы арзандап жатыр

Доллар нығайғаннан кейін, көптеген дамушы елдердің валютасы арзандай бастады, деп хабарлады Inbusiness.kz порталы Investing.com сайтына сілтеме жасап. 

Түрік лирасы инфляция туралы жарияланған жағымсыз мәліметтен кейін әлсіреді. Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған елдегі орталық банктың басшысын жұмыстан шығарғаннан соң, валюта рекордтық төмен деңгейге жетті.

АҚШ экономикасы тез қалпына келеді деген болжамдар доллардың өсуіне және қазынашылық облигациялар кірістілігінің артуына  түрткі болса, дамушы нарықтардың облигациялары мен валюталарына кері әсерін тигізді. Халықаралық валюта қорының дерегіне сүйенсек, дамушы елдердің экономикасы 2021 жылы бұрын болжанғаннан да тезірек жанданады.G20 шенеуніктері кезекті кездесуде пандемияға байланысты қиындықтарға тап болған дамушы елдерге көмек көрсету жағын талқылайды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу