Бүгін Литвада академиялық қауымдастық көшбасшыларының халықаралық "QS in conversation. Халықаралық ынтымақтастық арқылы танымалдылықты арттыру: ұтқырлық, тану, брендинг" атты халықаралық саммит өз жұмысын аяқтайды.
Қатысушылар контингентін Қазақстан, Ресей, АҚШ, Литва, Латвия, Ұлыбритания, Жапония, Корея, Түркия, Әзірбайжан, Эстония, Эфиопия, Польша, Украина, Өзбекстан елдері ұсынады.
Конференцияға барған қазақстандық делегация құрамында Қазақстан ЖОО ректорлары (Қазақстан ЖОО ректорлар кеңесінің төрағасы Е. Сыдықов), ғалымдар мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, жалпы саны жүзден астам делегат бар.
Айта кетсек, QS in conversation – бұл жоғары білім саласындағы жаһандық міндеттерді талқылауға, әлемдік қауымдастықты нығайтудағы университеттердің рөлін анықтауға, халықаралық жоғары білім беру жүйесіндегі трендтерді талқылауға және т.б. аса қажетті мәселелерге бағытталған әлемдік маңызы зор жиын.
Жиында халықаралық ынтымақтастық арқылы жоғары оқу орындарының танымалдығын арттыру әдістері, БАҚ-пен байланыс жолдары қарастырылды және студенттерді кәсіпкерлік дағдыларын дамыту арқылы жұмысқа орналастыру, креативті ойлау, жеке брендинг, сонымен қатар рейтингтер арқылы бәсекеге қабілетті кеңістікте ЖОО-ның өз сәйкестігінің жетістіктері талқыланды.
ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов атап кеткендей, өтіп жатқан саммит – қазақстандық университеттер, достас елдің университеттері халықаралық деңгейде өз позициясын сенімді түрде ұстап отырғанына дәлел.
Іс-шара Ресей, Қазақстан, АҚШ, Латвия университеттері басшыларының, Литваның білім, ғылым және спорт министрлігі өкілдерінің, танымал журналистер мен редакторлардың, халықаралық білім беру және зерттеу компаниялары өкілдерінің қатысуымен өтуде. Бағдарлама бойынша Виттаутас Магнус, Таллин университеті, Массачусетс технологиялық университеті, Еуразия ұлттық университеті, Орал федералды университеті, Латвия университеті және т.б. ЖОО өкілдерінің баяндамаларынан тұрады.
Кеше басталған саммит екі күнге созылады. Конференция соңында "QS EECA University Rankings 2019 – Дамушы Еуропа мен Орталық Азия университеттерінің QS 2019" рейтингісінің нәтижелері жарияланады деп күтілуде.