Дамушы нарықтардағы валюталар индексі 2%-ға әлсіреді

Ақпанда әлемдік валюта нарығында АҚШ долларының әлсіреу үрдісі тоқтады. 

Дамушы нарықтардағы валюталар индексі 2%-ға әлсіреді Фото: 7kun.kz

Бұл туралы ҚР ҰБ Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова ақпарат құралдарына берген сұхбатында мәлім етті.

"Қаңтар айында болған позитивті тәуекелден кейін ақпанда қаржы нарығындағы жағдай керісінше өрбіп, тәуекел дәрежесінің жаһандық төмендеуімен сипатталды. Ақпанда әлемдік валюта нарығында АҚШ долларының әлсіреу үрдісі тоқтады, DXY индексі қаңтардағы құлдырауды толығымен өтеп, бір айда 2,7%-ға нығайды. Осы кезеңде дамушы нарықтардағы валюталардың индексі 2%-ға әлсіреді", – деді спикер.

Бүкіл ай бойы АҚШ-та бірқатар күшті макроэкономикалық деректердің жариялануы ФРЖ-ның монетарлық саясаты туралы алаңдаушылықтың артуына ықпал етті.

"Мәселен, ауыл шаруашылығынан өзге секторларда жұмыс істейтіндер санының едәуір ұлғаюы АҚШ-тағы инфляцияның орнықтылығы туралы куәліктермен қатар қазынашылық облигациялар бойынша кірістіліктің өсуіне әсер еткен инвесторлардың биылғы мөлшерлемелердің траекториясына қатысты күтулерді қайта қарауына және АҚШ доллары индексінің нығаюына әкелді. Осыған байланысты 10 жылдық қағаздар бір айда 41 б.т. қосып, 3,92%-ға дейін өсті. АҚШ ФРЖ-ның қатаң саясатын жалғастыруына қатысты алаңдаушылық акция нарығына әсер етті. Айдың қорытындысы бойынша, MSCI World индексі 2,5%-ға төмендеді", – деді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу