Көрші елдердегі Сирия тұрғындары мен сириялық босқындарға көмектесу үшін тағы 7,5 миллиард еуро бөлу туралы Брюссельде өткен конференцияда донор елдер келісті, деп жазады inbusiness.kz DW-ға сілтеме жасап.
3,8 миллиард еуро 2024 жылы грант түрінде, тағы 1,2 миллиард еуро - кейінірек бөлінеді. Тағы 2,5 млрд еуро қарыз түрінде беріледі, деп хабарлайды Associated Press агенттігі.
Германия аталған сомадан 1,053 млрд еуро береді, деп мәлімдеді ГФР СІМ Мемлекеттік министрі Тобиас Линднер (Tobias Lindner) конференцияда. Бұл ақша, соның ішінде 2023 жылғы ақпанда аймақта болған және 59 мың адамды, оның ішінде Сирияда 6 мың адамды өлтірген жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға жұмсалады.
Сириядағы азаматтық соғыс 2011 жылы басталды. Әскери әрекеттер нәтижесінде 500 мыңға жуық адам қаза тапты, бұл елдің 23 миллион тұрғынының жартысына жуығы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Қазір көршілес Түркия, Ливан мен Иорданияда шамамен 5,7 миллион сириялық босқын бар. Башар Асад режимі мен оның ел ішіндегі қарсыластары арасындағы қақтығысты саяси шешімінің болашағы әлі бұлыңғыр.
2023 жылы Брюссельдегі донор елдер конференциясы сириялықтар үшін 5,6 миллиард еуро жинады.