"Дамыған елдер вакциналардың басым бөлігін сатып алған" – Қытай СІМ

827

Осының салдарынан дамушы елдерге вакцина жетпей отыр.  

"Дамыған елдер вакциналардың басым бөлігін сатып алған" – Қытай СІМ

Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И дамыған елдер өндірілген барлық вакцинаның көп бөлігін сатып алды, соның салдарынан екпе тапшылығы орнады деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы министрдің ведомство сайтында жарияланған сөзіне сілтеме жасап. 

"Әлем халқының 16 пайызы тұратын бай елдер өндірілген вакциналардың 60 пайызын сатып алды. Кейбір дамыған елдер тұрғындары санынан үш-төрт есе көп екпеге тапсырыс берді", – деді Ван И.

Оның айтуынша, соның салдарынан дамушы елдерге вакцина жетпей қалған.  Министр бай мемлекеттер "вакциналық ұлтшылдықты" өрбітіп отырғанын және Қытайдың бұған қарсы екенін алға тартты. 

Ван Идің сөзіне сенсек, Қытай кедей елдерді препаратпен қамтамасыз етуге атсалысып жатыр, осы күнге дейін Бейжің шамамен 80 елге гуманитарлық көмек ретінде вакцина жеткізген көрінеді. Сонымен бірге ол Қытай он шақты елмен бірлесе вакцина жасап жатыр дегенді айтты.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу