Дамыған елдердің экономикасы күрт құлдырады

1074

Биыл G20 экономикасы 4,6%-ға қысқаруы мүмкін.

Дамыған елдердің экономикасы күрт құлдырады

2020 жылдың екінші тоқсанында пандемия кесірінен G20 елдерінің ЖІӨ бірінші тоқсанмен салыстырғанда 6,9%-ға азайды. Бұл туралы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мәлім етті.

Бірінші тоқсанда дамыған және дамушы елдердің экономикасы 2019 жылдың соңғы үш айындағы көрсеткішке қарағанда 3,5%-ға қысқарған. Ескере кететін жайт, сәуір мен маусым аралығындағы құлдырау 2009 жылғы қаржы дағдарысы кезіндегіден жойқын болып отыр. 

G20 ішінде тек Қытайдың ЖІӨ өскен (+11,5%). Індет салдарынан әсіресе Үндістан зардап шегіп отыр. Бұл елдің көрсеткіші 25,2%-ға, Британияныкі 20,4%-ға төмендеді.
Moody’s агенттігінің болжамына сүйенсек, G20 елдерінің экономикасы биыл 4,6%-ға қысқарады. Бірқатар сарапшы Бразилия, Үндістан, ОАР экономикасы қатты күйреп, пандемиядан кейінгі қалпына келу процесі ұзаққа созылады деген пікірде. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу