Дана Нұржігіт "астарлық ақиқатшы" жобаларды сынады

2549

Сенат өкілі телевизиялық контенттің сапасы туралы депутаттық сауал жолдады. 

Дана Нұржігіт "астарлық ақиқатшы" жобаларды сынады

Сенат депутаты Дана Нұржігіт отандық теледидар контенті саясатын заңмен реттеуді ұсынды, – деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жұртқа теледидар арқылы танылып, журналист ретінде жемісті жұмыс істеген депутат өз сауалында  әріптестерінің кейбір жобалары ұлтты аздырып жатқанына алаңдайтынын жеткізді. 

"Ұлттық мүдде, ұлттық құндылық деген ұғымдарды бүгінде хабарының рейтингінен жоғары қоятын журналиске рухани құндылық пен коммерциялық сұраныстың арасындағы тепе-теңдікті сақтау оңай емес. Қоғамның дамуы, ұлттың болашағы үшін ұлттық құндылықтарды дәріптейтін сүбелі сөз бен терең ойлы шығармалар маңызды десек те, қазіргі телевизияда рейтинг бойынша арнаға ақша құятын, блогерлерше айтқанда, "жаға ұстатар", "астарлы ақиқат" хабарлар құнды болып тұр. Мұндайда қайтпек керек? Мысалы, Жапонияда отандық телеарналардың жұмысы ұлттық құндылықтар тұрғысынан заңмен бақыланады және реттеледі... Қазақстан Республикасының Үкіметінен халықаралық тәжірибелерді зерттей отырып, жоғарыда аталған талапты көздейтін нормаларды заңнамада қамтып, тиісті заңнамалық актілерге қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастыруыңызды сұраймын", деді депутат.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу