Дана Нұржігіт "тиран күйеуінен" өзін қорғаған адамды көпшілікке таныстырды

1340

Оның айтуынша, ол мұнымен он ай бойы күрескен.

Дана Нұржігіт "тиран күйеуінен" өзін қорғаған адамды көпшілікке таныстырды Фото: @dana_nurzhigit

Екінші некесі сәтсіз аяқталған Дана Нұржігіт ажырасу процесінде өзін қорғаған адвокатты көпшілікке таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Тележүргізуші отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қанша уақыт бойы күресіп келгенін баяндады. 

"Қайырлы таң, қымбатты оқырмандарым! Таныс болыңыздар! Бұл – адвокат Карпеева Арайлым Қамбарқызы. Астана қаласының адвокаттар алқасы құрамындағы қорғаушы. 10 ай бойы менің адал атым үшін, отбасым үшін күрескен кәсіби біліктілігі өте жоғары маман. Азаматтық, әкімшілік,қылмыстық істерді де қатар жүргізе білетін адвокат. Мақсұт Нәрікбаев атындағы университет ұстазы.  Өткен тікелей эфирлерде сөз бердім ғой, волотерлық бастама көтеріп, сіздерден келіп түскен сұрақтарға адвокаттар жауап береді деп… Айттым! Бітті! Орындаймыз!", - деп жазды Дана Нұржігіт әлеуметтік желдіегі парақшасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу