Дәнді-бұршақты дақылдардың өнімділігі 33%-ға артты

402

Мұндай деректерді ресми статистикадан көруге болады.

Дәнді-бұршақты дақылдардың өнімділігі 33%-ға артты Фото: inbusiness.kz

Биылғы қаңтар-шілде айларында ауыл, орман және балық шаруашылығы саласындағы негізгі капиталға 491,1 млрд теңгеге инвестиция салынды. Бұл былтырғыға қарағанда нақты мәнде 21,3%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Өсімдік шаруашылығына б 5,3 млрд теңге, егінді өңдеу саласына 649,7 млн теңге, өсімдіктерді молықтыруға 371,8 млн теңге инвестицияланды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жыл бойынша көкөніс, тамыр дақылдарының және түйнектердің өнімділігі гектарына 241,2-ден 242,9 центнерге дейін өсті.

Өңірлік бөліністе былтыр көкөністердің, тамыр дақылдарының және түйнек дақылдарының ең жақсы өнімділігі Павлодар облысында байқалды: гектарына 285,2 центнер. Үздік үштікке Жетісу (гектарына 285,1 центнер) және Жамбыл (гектарына 282,9 центнер) облыстары да кірді. Өнімділіктің төмендеуі бес өңірде байқалды: Павлодар, Атырау, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстары, Шымкент қаласы.

Дәнді-бұршақты дақылдардың ең жоғары өнімділігі Қызылорда облысында тіркелді: гектарына 45,3 центнер. Одан кейінгі орындарда Алматы (гектарына 33,6 центнер) және Жетісу (гектарына 26,2 центнер) облыстары орналасты. Өнімділіктің төмендеуі Қызылорда, Павлодар және Қарағанды облыстарында да тіркелді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу