Дәнді дақылдар экспорты 8,6 млн тоннаны құрап отыр

1058

Дәнді дақылдар экспорты 8,6 млн тоннаны құрап отыр

Елбасы қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов ауыл шаруашылығы саласындағы өткен жылдың қорытындылары мен алдағы жоспарларды жариялады, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Импорт 13%-ға немесе 350 млн долларға азайды.

Дәнді дақылдар экспорты 8,6 млн тоннаны құрап, 21%-ға ұлғайып отыр. Атап айтқанда, Өзбекстан – 2,8 млн тонна, Ауғанстан – 2,3 млн, Тәжікстан – 1,2 млн, Иран – 0,8 млн, Ресей – 0,5 млн, Қырғызстан мен Қытай – 0,3 млн; 2015 ж. – 7,1 млн тонна.

Араб елдеріне ұсақ мал экспорттала бастады. Мысалы, БАӘ – 170 бас ірі қара мал, БАӘ мен Оманға – 14,5 мың бас қой мен ешкі.

"ҚазАгро" тарапынан 41 млрд теңгені құрайтын 56 инвестициялық жоба іске қосылды. Несиелік бағдарламалар шеңберінде 300 мыңға жуық мал сатып алынды. Ауылдық жерде 11 мың шағын несие ретінде 34 млрд теңге берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу