Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңы 117 мың гектарға ұлғаяды - АШМ

470

Биыл егіс алқаптарының болжамды құрылымы қалыптастырылды.  

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңы 117 мың гектарға ұлғаяды - АШМ Фото: baraev.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Осы жылы жалпы егіс алаңы 23,4 млн гектарды құрайды. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 68,6 мың гектарға артық. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңдарын 117 мың гектарға, азықтық дақылдар алаңдарын 36,5 мың гектарға, қант қызылшасы алаңдарын 6,7 мың гектарға ұлғайту көзделіп отыр", - деді спикер.

Әбілхайыр Тамабектің айтуынша, мақсары, соя және қыша сияқты кейбір майлы дақылдар егілетін алаңдар көлемінің шамалы қысқаруы болжанып отыр.

"Бұдан бөлек күнбағыс сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл алқабын 30,8 мың гектарға ұлғайту жоспарланған. Көкөніс, бақша және картоп бойынша егіс алқабын 11,1 мың гектарға ұлғайтылады", - деді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу