Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың, қант қызылшасының егіс көлемі артады - АШМ

508

Биыл күріш, мақта және майлы дақылдардың бірқатар түрі бойынша егіс алаңын азайту жоспарланып отыр.  

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың, қант қызылшасының егіс көлемі артады - АШМ Фото: google

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ведомствоның 2023 жылғы нақты міндеттеріне тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомство басшысының айтуынша, өңірлерде көктемгі дала жұмыстарын үйлестіру бойынша жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

"Облыс басшылары келтірген деректерге сәйкес, биылғы егіс алаңдарының болжамды аумағы 23,2 миллион гектарды құрады. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңдарын 171,3 мың гектарға, қант қызылшасын 6,7 мың гектарға ұлғайту көзделіп отыр. Бұдан басқа көкөніс және бақша дақылдарының алқаптарын 10,2 мың гектарға артуы болжанып отыр", - деді министр ведомствоның алқа мәжілісінде.

Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, биыл күріш, мақта және майлы дақылдардың бірқатар түрі бойынша егіс алаңын азайту жоспарланған.

"Ылғалды көп қажет ететін дақылдарға тоқталсақ, биыл өткен жылмен салыстырғанда мақта алаңы 13,8 мың гектарға қысқарады деп болжанып отыр. Соның нәтижесінде ол 112,5 мың гектарды құрайтын болады. Үкіметтің суды көп қажет ететін дақылдар алаңын азайту жөніндегі тапсырмасына қарамастан, күріш алаңдарының өткен жылмен салыстырғанда 9,9 мың гектарға ұлғаюы байқалады. Қызылорда және Түркістан облыстарының жергілікті атқару органдары бұл мәселені жіті бақылауда ұстауы қажет. Бұдан басқа майлы дақылдар бойынша да алаңды 191 мың гектарға азайту жоспарлануда. Бұл мақсары, зығыр және қыша сияқты дақылдар", - деп атап өтті ведомство басшысы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу