Данэлия Төлешова Американы тағы бір мәрте бағындырмақ

400

16 жасқа енді толған қазақстандық әнші America' s Got Talent шоуында осымен екінші рет бағын сынамақ.  

Данэлия Төлешова Американы тағы бір мәрте бағындырмақ Фото: Esquire.kz

Қазақстандық жас әнші танымал шоудың бірінші кезеңінде голландиялық әнші Дункана Лоуренстың Arcade атты ағылшын тіліндегі әнін таңдады.

Ол әдеттегідей әділқазылар мен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Қазылар алқасының құрамындаға актриса әрі тележүргізуші Хайди Клум жас таланттың өнерін жоғары бағалады.

"Қай жағынан қарамасаң да, керемет орындау, тіпті, оны музыкасыз тыңдауға бармын", - деді әділқазы мүшесі.

Канадалық әзілқой, актер, тележүргізуші және дыбыс актері Хоуи Мендель бұл жолы жас қазақстандық байқауға жалғыз өзі келгенін атап өтті.

"Сен отбасыңнан мыңдаған шақырым алыста болсаң да керемет өнер көрсеттің. Әнге сен берген реңді таңғаларлық дүниеге балаймын", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу