Данэлия Төлешова отандастарынан қолдау күтеді

721

Қазақстандық әнші "Балалар Евровидениесінде" отандастарының дауыс беруіне зор үміт артып отыр, дауыс беру 23 қарашадан басталады. 

Данэлия Төлешова отандастарынан қолдау күтеді

"Балалар Евровидениесі" қатысушыларына дауыс беру келесі жұма 23 қарашада  www.junioreurovision.tv сайтында басталады. Сол жерде барлық орындаушыларды алдын ала көруге болады.

Қалай дауыс беруге болатыны туралы бүлдіршін өз парақшасында толық түсіндірді.

Өз дауысыңызды көңіліңізден шыққан үш, төрт немесе бес қатысушыға бере аласыз.

Дауыс беру жексенбі 25 қарашада концерттің тікелей көрсетілімі басталар алдында жабылады. Минскідегі сахнада бүкіл қатысушы әнін орындаған соң дауыс беру тағы 15 минутқа ашылады.

Көрермендер даусы қорытынды нәтиженің жартысын анықтайды, ал қалған жартысы – төрешілердің құзыретінде.

"Достар, қорытынды нәтиже сіздердің дауыстарыңызға байланысты, сол себепті қолдауларыңызға үміт артып отырмын. Қазақстан, біз бірге күштіміз", — деп Данэлия Төлешова отандастарына үндеу жолдады.

"Балалар Евровидениесі" биыл Беларусь астанасы Минскіде 25 қарашада өтеді. Салтанатты ашылу рәсімі 19 қарашада "Минск Аренада" болмақ. Минскіде Төлешова "Өзіңе сен" әнін ағылшын тілінде айтады. Бұл әннің бейнебаянын YouTube желісінде 400 мың адам тамашалапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу