Даниал Ахметов: Абай мен Пушкинге тағы бір ескерткіш орнатуымыз мүмкін

911

Әкімдік жобаны халықтың даусына салмақшы.

Даниал Ахметов: Абай мен Пушкинге тағы бір ескерткіш орнатуымыз мүмкін

"Өскеменге Пушикн ескерткішін орнату мәселесін халықпен ақылдасып шешеміз". Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Даниал Ахметов осындай мәлімет айтты.

"Ондай мәселе бар. Біз қазір көріп жүрміз. Содан кейін халықпен ақылдасамыз, қай жерге қойылатынын. Екі жоба бар. Мүмкін Абай мен Пушкиннің немесе жаңғыз Пушкинннің ескерткіші болады. Ол үшін халықты шақырып ақылдасамыз. Жайдан-жай ескерткіш қоймау керектігін жақсы білеміз. Бірақ та ол тек қана осы жермен байланысты болмау керек. Өйткені біз дүниежүзілік мәдениет тырмысамыз ғой. Мәселенің басы әлі ашық. Қаланың қоғамын шақырып, сол арқылы халыққа лайықты шешімді аламыз", - деді әкім.

Айта кетейік, бұған дейін Абай мен Пушикнге арналған ескерткіштер 2009 жылы орнатылып қойған болатын. Абайдың ескерткіші облыс әкімдігінің тура алдында тұрса, Пушикиннің мүсіні өзінің атындағы облыстық кітапхананың алдына орнатылған. 

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу