Даниал Ахметов АҚШ-тың еліміздегі уақытша өкілімен кездесті

1392

Даниал Ахметов АҚШ-тың еліміздегі уақытша өкілімен кездесті

АҚШ ШҚО-мен сауда-экономикалық байланысты нығайтуға мүдделі. Бұл жөнінде АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің уақытша сенімді өкілі Линг Теодор облыс әкімі Даниал Ахметовпен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Кездесу барысында облыс басшысы ШҚО-ға алғаш қадам басып тұрған Линг Теодор мен елшіліктің кеңесшісі Бартер Закариге аймақтың экономикалық әлеуеті, табиғат байлықтары туралы айтып берді.

"Қазақстанға сапарымды алғаш Өскемен қаласынан бастауды құп көрдім. Өйткені екі ел арасындағы сауда-экономикалық және білім беру, денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықта осы өңірдің атқаратын маңызы зор. Кеше СПИД орталығында болып, оның жұмысымен таныстық. Алдағы уақытта осы бағыттағы күресті бірге жалғастыруға ниеттіміз. Сондай-ақ, Қазақстандағы үштілділікті дамыту бағдарламасына үлес қосып жатқандығымыз бізді қуантады",-дейді Линг Теодор.

Линг Теодор осы екі күннің ішінде  Өскемен қаласына бауыр басып қалғанын айтты.

"Қай жерге барсам да, адамдар бізді жақсы қарсы алды. Өскемен қаласынан естелік ретінде, оның бренді Торпедо командасының формасын да сатып алдым", - дейді елшілік өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу