Даниал Ахметов бастаған шығысқазақстандық делегация Қазан қаласына келді

1303

Облыс әкімі Даниал Ахметов бастаған шығысқазақстандық делегация 200 жылдық тарихы бар Қазан федералды университетінде болып, Иннополистегі Smart city қалашығына барады.

Даниал Ахметов бастаған шығысқазақстандық делегация Қазан қаласына келді

Облыс әкімі Даниал Ахметов бастаған шығысқазақстандық делегация Қазан қаласына келді. Құрамында жергілікті атқарушы органдар мен басқармалар, бизнес қауымдастығы өкілдері бар ресми делегацияны Татарстан Республикасының премьер-министрі Алексей Песошин қарсы алды, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Екі күнге жоспарланған сапардың алғашқы күнінде шығысқазақстандық делегация Қазан қаласының мәдени-тарихи ескерткіші – Қазан Кремлін аралап, экскурсия жасайды.

Делегация Құл-Шәріп мешітін аралап, қыпшақ қызы Сүйінбике ананың мұнарасын тамашалап, тәу етеді. Кремльде сондай-ақ Татарстан президентінің аппараты, Ресей президентінің резиденциясы секілді бірқатар әкімшілік-басқару орталықтары орналасыпты.

Іссапардың екінші күнін шығысқазақстандық делегация "Қазан" агроөнеркәсіп паркінің жұмысымен танысудан бастайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін ешқандай делдалсыз тұтынушыға тікелей жеткізудің барлық тетігі қарастырылған осынау жобаға шығысқазақстандық ауыл шаруашылығы саласының өкілдері ерекше қызығушылық танытқан.

Облыс әкімі Даниал Ахметов бастаған шығысқазақстандық делегация 200 жылдық тарихы бар Қазан федералды университетінде болып, Иннополистегі Smart city қалашығына барады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу