Даниал Ахметов: Экологияны жақсартуға 24 млрд теңге инвестиция салынады

760

ШҚО-да ірі кәсіпорындар қоршаған орта меселелерін шешуге 35,2 млрд теңге бөлген. Үкімет отырысында Шығыс Қазақстан облысындағы экологиялық меселелерге қатысты баяндама жасаған өңір басшысы Даниал Ахметов осылай деп мәлімдеді. 

Даниал Ахметов: Экологияны жақсартуға 24 млрд теңге инвестиция салынады

Оның сөзінше өңірде экологияны жақсартуға жалпы соматы 60 млрд теңге қарастырылған.

"Соңғы бес жылдың ішінде атмосфераны жақсартуға 24 млрд теңге инвестиция салынады. Оның 22,1 млрд теңгесі Риддер металлургиялық кешеніндегі цех құрылысына бөлінді. Бұл – Риддер қаласы бойынша атмосфераға күкірт диоксидін шығаруды 20%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Ал кейінгі 7 жылда ауаның ластану деңгейі облыс бойынша 10 мың тоннаға, Өскемен қаласы бойынша 7 мың тоннаға азайғанын атап өту қажет. Осы кезең ішінде ірі кәсіпорындар табиғат қорғау іс-шараларына 35,2 млрд теңге инвестиция салды", - деді ол. 

Бұл ретте Даниал Ахметовтың Шығыс Қазақстан облысында Экологиялық-қоғамдық мониторинг жүйесі жұмыс істейтінін айтады. Нәтижесінде экологиялық ақпаратты онлайн режимде алуға болады. 

"Шығыс Қазақстанда елдімекендердің жасыл белдеулері құрылып, 2019 жылы 175 мың, ал биыл 30 мың көшет егілді. Ормандарды қалпына келтіру және көгалдандыру жөнінде 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары әзірленді", – деді өңір басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу