Даниал Ахметов: Ешкім көмексіз қалмайды

1022

Даниал Ахметов: Ешкім көмексіз қалмайды

Облыс әкімі Даниал Ахметов Аягөз қаласындағы су тасқынынан қираған үйлерді аралап, апаттан зардап шеккен тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдады, деп хабарлайды altaynews.kz.

Естеріңізге салайық, бірнеше күн бойы жауған жаңбырдың салдарынан аудан орталығындағы Аягөз өзені суының деңгейі көтеріліп, маңайдағы үйлерді басқан. Соңғы ақпарат бойынша қарғын су 148 үйге залалын тигізген. Оның 18-і тұруға келмейтіндей жағдайға жеткен.

Аталмыш үйлерде тұрған отбасылардың барлығына көмек көрсетілетін болады. Бұл туралы оқиға орнына барған облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.

"Ешкім көмексіз қалмайды. Зардап шеккен тұрғындарға қажет болса қалада салынатын 60-пәтерлі жаңа үйден баспана беретін боламыз. Сондай-ақ, халықтың ұсақ-түйек мәселелерін шешуге қосымша 50 миллион теңге бөлеміз. Бұл қаражат көмір, жиһаз бен киім-кешек сияқты дүниелерді сатып әперуге жұмсалады", — деді аймақ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу