Даниал Ахметов: Қазынаға түсетін салық көлемі әлі де аз

580

Даниал Ахметов: Қазынаға түсетін салық көлемі әлі де аз

Бұқтырма су қоймасы жағалауындағы жерге тексеру жүргізіледі. Тапсырманы облыстық әкімдік отырысында аймақ басшысы Даниал Ахметов берді. Жүктелген міндетке сай құзырлы орындар енді онда орналасқан барлық демалыс базаларын төлқұжаттауды бастайды, деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Тексеру инфрақұрылым желісінің бар-жоғына, санитарлық, экологиялық, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына да қатысты болмақ. Ал қожайындары ескертуге құлақ аспаған демалыс базаларының жұмысы тоқтатылады. Міндетін орындап, олқылықтың орнын толтырмайынша іске кірісе алмайды. Мұндай жағдай биылғы маусымда болған, сондықтан Бұқтырма су қоймасының кейбір нысандары демалушыларды қабылдай алмады. 

Даниал Ахметов Бұқтырмаға келушілер қатары көбейгенімен, қазынаға түсетін салық көлемі әлі де аз екендігін ескертті. Мәселен, былтыр жағалауда 300 мың адам демалған, ал төлем 14 миллион теңге ғана. Шын мәнінде, көрсеткіш он есе жоғары болуы қажет еді.  

"Кәсіпкерлерге енді либералды қарым-қатынас болмайды. Біз бизнесті қолдаймыз. Бірақ, олар да бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін ұмытпаулары тиіс", - деді облыс әкімі.  

Туристік нысандар орналасқан өңірдің өзге су қоймаларында да бұдан былай қатаң тәртіп орнатылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу