Даниал Ахметов: Мына түрімен трамвай паркі сөзсіз банкротқа ұшырайды

820

Аймақ басшысы бір айдың ішінде Өскемендегі трамвай паркінің жұмысын қалпына келтіру жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Даниал Ахметов: Мына түрімен трамвай паркі сөзсіз банкротқа ұшырайды

Облыстық әкімдіктің кезекті мәжілісінде белгілі болғандай, шаһардағы трамвай паркінің күнделікті табысы бір миллион теңгенің ар жақ-бер жағы екен. Осы жайтты біле тұра, "Ертіс" ӘКК трамвай паркіне кәсіпорынның мүлкін пайдаланғаны үшін 80 миллион теңге көлемінде арендалық төлем төлеуі керек деген шарт қойған, kaz.altaynews.kz.

"Ертіс" корпорациясының бұл әрекеті ақылға симайды. Мына түрімен трамвай паркі сөзсіз банкротқа ұшырайды. Кәсіпорын жұмысына қысым жасауды тез арада доғаруымыз керек", – деген облыс әкімі парк 30 жыл бойы жөндеу көрмегенін, таяуда мемлекет кәсіпорынды сатып алғанын, енді оны реконструкциялау қажеттігін атап өтті.

Осыған байланысты, облыс әкімі өзінің орынбасары Серік Ақтанов пен жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Нұржан Жұмаділовке бір ай көлемінде аталмыш мәселені шешуге бағытталған жоспар әзірлеуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу