Даниал Ахметов: Олардың тасқын орнынан табыс тапқысы келді

855

Даниал Ахметов: Олардың тасқын орнынан табыс тапқысы келді

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының əкімі Даниал Ахметов Зырян ауданында болып, Зубов кентіндегі тасқынның салдарын жою жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды altaynews.kz.

Тасқынға ұшыраған үйлерді жөндеуге тартылған мердігер ұйымдардың басшыларымен кездескен облыс басшысы кейбір компаниялардың бастаған істен бас тартқанын атады.

"Бірнеше компания əуел баста жөндеу жұмыстарына қатысуға ниет танытып алып, кейін бас тартты. Бұл жерден айтарлықтай табыс болмайтынын түсінген соң солай істеді. Оның ішінде 3 компания Зырян ауданынан. Олардың тасқын орнынан табыс тапқысы келді. Қалған мердігерлер қиын сəтте елмен бірге қалып, жұмыс істеуде"  — деді Даниал Ахметов.

Жалпы Зырян ауданы бойынша 414 үй тасқынға ұшырап, оның 360-ына жөндеу жұмыстары тағайындалған болатын. Барлық жөндеу жұмыстары мамыр айының соңына дейін жөнделіп бітгеі тиіс. Дегенмен, су кірген 110 үйдің құжаты дұрыс емес екені анықталып отыр. Оның 11-і қалпына келтіруге жарамсыз деп танылған. Аймақ басшысы ол үйлердің мəселесін бір жақты ету үшін аудан əкімі мен тиісті басқармаларға тағы 1 апта уақыт берді.

18 сәуір күні Даниал Ахметов Зырян ауданында болып, тасқыннан зардап шеккен үйлерді жөндеу жұмыстарын бір айдың ішінде аяқтауды тапсырған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Зырян ауданында орын алған тасқын салдарынан жеті елдімекенді су басып қалған болатын. Су көтерілген сәтте-ақ аудан бойынша мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу