Даниал Ахметов Риддердегі ЖЭО-ға қатысты пікір білдірді

1939

Бұл туралы ол Үкімет кулуарында айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

Даниал Ахметов Риддердегі ЖЭО-ға қатысты пікір білдірді Фото: tengrinews.kz

ШҚО әкімінің сөзінше, наурыз айынан бері Риддер жылу электр орталығының қазіргі басшылығы мазут, көмір, жұмысшылардың жалақысы мен жөндеу персоналының жұмысын төлеуді тоқтатқан.

"Біз әлі күнге дейін тиімсіз заңның шырмауында тұрмыз. Нені, қалай істеу керектігін білеміз, бірақ бұл нысанды коммуналдық меншікке ала алмай отырмыз", – деді ол.

Жөндеу жұмыстарына кем дегенде төрт ай қажет екендігін баса айтты.

"Себебі барлық алты қазандықтың жағдайы көңіл көншітпейді. 1956-1958 жылдардағы төрт қазандықтың жағдайы өте күрделі. Президент, Үкімет, Парламенттің тапсырмасына сәйкес энергетикалық нысандарды мемлекет меншігіне алу туралы заң әзірлеу жоспарланып отыр. Бұл жылдам болады деп үміттенемін. Содан кейін, әрине, биылғы қыркүйек-қазан айларында станцияның тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін барлық шараларды қабылдаймыз", - деді әкім.

Аймақ басшысы жөндеу жұмыстарына қанша қаржы қажет екеніне де тоқталды.

"Оған 8 млрд теңгеге жуық қаржы қажет болады", – деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу