Даниал Ахметов 1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген.
1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.
- 1976-1981 жж. - "Павлодар тұрғынқұрылыс" тресінде мастер;
- 1981–1983 жж. - Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы;
- 1983–1987 жж. - "Екібастұзшахтақұрылыс" комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы;
- 1987–1991 жж. - Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары;
- 1991-1992 жж. - "Екібастұз энерготұрғынөндірісқұрылыс" трестінің басқарушысы;
- 1992-1993 жж. - Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы;
- 1993-1997 жж. – Әкімшілік басшысы, Павлодар облысының әкімі;
- 12.1997-10.1999 жж. - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;
- 10.1999-21.12.2000 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
- 21.12.2000-21.11.2001 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасар;
- 21.11.2001-13.06.2003 жж. - Павлодар облысының әкімі;
- 13.06.2003-08.01.2007 жж. - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;
- 10.01.2007-17.06.2009 жж. - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi;
- 12.2010 жылдан – Экологиялық энергетика саласындағы компаниялың басшысы;
- 2012-11.2014 жж. – Энергетика және инфрақұрылым министрі;
- 2014 жылғы 11 қарашада Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу