Шығыс Қазақстанда су тасқынына қарсы шаралар әлі де жалғасып жатыр. Мамандар өзендердегі су деңгейін тәулік бойы бақылауға алған. Облыстық әкімдіктегі отырыста өңірдегі жағдай талқыланды, деп хабарлайды өңірлік ақпарат орталығы.
ТЖД басшысы Нұрлан Мадияровтың айтуынша, Зырянов ауданы аумағында Хамир өзенінің жағасы нығайтылды. Мамандар өңірде тұрғындар арасында түсіндіру жұмысын жүргізді.
"Қазір мәселелерді жіті талқылап, қажетті көмек көрсету керек, бұл үшін бюджеттен ақша қарастырылған", – дейді Даниал Ахметов.
Облыс әкімі бір апта ішінде жыл сайын Өскемен тұрғындарына қауіп төндіретін Үлбі өзенінің жағасын нығайтуды тапсырды. Мұны жауын салдарынан күрт артатын өзендегі су деңгейінің көтерілуін күтпей, алдын-ала жасау қажет.