Даниал Ахметов: Виктор Храпуновтан "мұраға" қалған сақалды құрылыс бар

1324

Ертіс көпірін жөндеуге 6 млрд теңге бөлінген.

Даниал Ахметов: Виктор Храпуновтан "мұраға" қалған сақалды құрылыс бар

Өскеменде Виктор Храпуновтан "мұраға" қалған сақалды құрылыс бар. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында осындай мәлімет айтты.

БАҚ өкілдері облыс әкімінен бюджет қаржысына салынып, орта жолда тоқтап қалған сақалды құрылыстар туралы сұрақ қойған болатын. 

"Бұл мәселені тексерейін. Мүмкін ол бір емес, 5-6 үй шығар. №22 шағын ауданда сіз айтқандай бюджет есебінен салынған үй жоқ. Сіз мүмкін аталмыш ауданның жанындағы басқа үйлерді айтып тұрған шығарсыз. Оны Виктор Храпунов салған. Мүмкін сіз соны айтып тұрған шығарсыз?  Оған да бюжет қаржысы салынбаған. Дегенмен, ол нысанның тағдырын сот аясында шешіп жатырмыз", – деді Даниал Ахметов. 

Брифинг барысында әкім облыс орталығында төртінші жыл қатарынан жөнделіп бітпей жатқан Ертіс көпіріне салынған қаржының жыл сайын неге ұйғайып жатқанын түсіндірді

"Көпірдің құны сіздер айтып тұрғандай 10 млрд теңге емес. Ал неге қымбаттағанына келетін болсақ, көпірдің бастапқы жобасын 2 есе кеңейттік. Көпірге келетін жолды да кеңейттік. Бұрын 25 метр болса, енді 45 метр болады. Алғашқы құны сіз айтқандай 2,5 млрд теңге емес,  4,5млрд теңге еді. Қазір 6 млрд теңгеден асады. Бұл мың рет тексерілген нысан. Қорықпаңыз, бәрі ретті", – деді ол.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу