Әзірбайжан астанасы Баку қаласында әлем кубогының кезеңі өткен. Осы жарыста қарағандылық Данил Мұсабаев жекелей бәсекеде топ жарды, деп жазады inbusiness.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, Қазақстан әйелдер құрамасы сапынан Виктория Бутолина 21 қатысушысының арасынан алтыншы орынға тұрақтады. Одан бөлек, Данил Мұсабаев пен Пирмаммад Әлиев синхронды секіруден топ жарды. Қазақстандық спортшылар 51.940 ұпай жинады.
Екінші орынға Германия, ал үшінші орынға португалиялықтар орналасты.
Әлем кубогына 16 елден 60-тан астам спортшы қатысты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу