Данил Мұсабаев батуттық гимнастикадан Олимпиада жолдамасын иемденді

333

Германиядағы әлем кубогі кезеңінде ол 47-орыннан көрінді. 

Данил Мұсабаев батуттық гимнастикадан Олимпиада жолдамасын иемденді Фото: Olympic.kz

Қазақстан командасы батуттық гимнастикадан олимпиада жолдамасына ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Olympic.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Котбуста (Германия) өткен әлем кубогі кезеңіндегі жарыс қорытындысына сәйкес Данил Мұсабаев олимпиада жолдамасына қол жеткізді.

Германиядағы әлем кубогі кезеңінде ол 47-орыннан көрінді. Бірақ бес әлем кубогі кезеңінің екеуінде көрсетілген үздік нәтижелер есепке алынады.

Осылайша, спорттың бұл түрі бойынша олимпиадаға іріктеу аяқталды. Парижде 16 ер және 16 әйел өнер көрсетеді. Елдер бойынша Қазақстан 14-сатыға шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу