"Ақ жол" қоғамдық бірлестігі Орталық сайлау комиссиясына Дания Мәдиқызы Еспаеваның құжаттарын ұсынды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Партия президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырыстың хаттамасынан үзіндіні, сондай-ақ Дания Мәдиқызы Еспаеваның кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм бергені туралы өтiнiшін, оның өмірбаяндық деректерін, сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат пен жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін, жоғарғы оқу орнындағы білімі туралы дипломдарының көшірмелерін, мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттарын тапсырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу