Дания Еуропада бірінші болып AstraZeneca екпесінен бас тартты

570

Компания өкілдері болса, бұл екпенің қауіпсіз екенін алға тартып отыр.

Дания Еуропада бірінші болып AstraZeneca екпесінен бас тартты Фото: reuters.com

Дания AstraZeneca компаниясы жасап шығарған вакцинадан толықтай бас тартты, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы елдің денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Дания билігі ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, препаратты еккеннен кейін оның жанама әсері бар деген қорытындыға келді. Сондықтан вакцинаны егу науқанынан алып тастау туралы шешім қабылдады. Қазір тұрғындарға Pfizer және Moderna компанияларының препараттары егіліп жатыр. 

11 наурызда Дания сақтық шарасы ретінде AstraZeneca вакцинасын қолдануға уақытша тыйым салған еді. Елдің денсаулық сақтау министрлігі мұндай шешімді қабылдауға екпе ектірген адамдарда қанның ұйып қалуы жағдайларының себеп болғанын мәлім етті.

Еуропаның бірқатар елі вакцинацияланған науқастарда тромбоздың анықталуына байланысты AstraZeneca препаратын егуді тоқтатты немесе ішінара тыйым салды. Бірақ компания өкілдері болса, бұл екпенің қауіпсіз екенін алға тартып отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу