Дания елі Еуропада бірінші болып індетке байланысты енгізілген барлық шектеуді тоқтатты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Politico басылымына сілтеме жасап. COVID-19 дертін өте қауіпті ауру деп танитын режим аяқталды. Яғни енді шектеулер саны 1 қазанға дейін біртіндеп қысқартылады.
Мейрамханаларға, спортзалдарға және түнгі клубтарға кіру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді. COVID-19 жұқтырған адаммен байланыста болған балалар бірден үйге жіберілмейтін болды. Карантинге тек коронавирус дертімен ауыратын науқастар жіберіледі. Дені сау азаматтар кеңселерге, ал балалар мектептерге орала бастайды.
Жергілікті биліктің барлық санитарлық шараларды 10 қыркүйекке дейін тоқтату жоспары тамыз айының соңында белгілі болды. Данияның Денсаулық сақтау министрі Магнус Хойнике елдегі вакцинация деңгейіне өте жоғары деген баға берді. Сондай-ақ ол елдегі эпидемиологиялық жағдай кенеттен нашарласа, шектеулер қайтадан енгізілетінін мәлім етті.
Табиғат Нұрболат