Дания Құранды өртеу акцияларын шектеу жолдарын іздестіруде

433

Дания үкіметі Құранды қорлайтын наразылық акцияларының алдын алу үшін заңды шешімдер іздейді. 

 Дания Құранды өртеу акцияларын шектеу жолдарын іздестіруде Фото: пятый канал

Бұл туралы France24 телеарнасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Әрине, бұл Конституциямен қорғалған сөз бостандығы шеңберінде жасалып, Даниядағы сөз бостандығы кең аясын шектемеуі керек", — делінген СІМ хабарламасында.
 
Министрдің айтуынша, сөз бостандығы —Данияның маңызды құндылықтарының бірі, сондықтан қабылданған кез-келген шешім мемлекет азаматтарының пікірін білдіру ауқымын шектемеуі керек.
 
Сонымен бірге, басылымның хабарлауынша, елдегі наразылықтар "Дания әлемнің көптеген бөліктерінде барлық континенттерде басқа елдердің мәдениеттерін, діндері мен дәстүрлерін қорлауға, таптауға ықпал ететін ел ретінде қарастырылатын деңгейге жеткізді".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу