Дания спорттық гимнастикадан әлем чемпионатын өткізуден бас тартты

494

 FIG келесі жылы әлем біріншілігін енді қай ел өткізетінін анықтап, жағдайды тез арада реттеуге кіріспек.

Дания спорттық гимнастикадан әлем чемпионатын өткізуден бас тартты

Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Дания гимнастика федерациясының (DIF) 2021 жылғы әлем чемпионатын өткізуден бас тартқанын ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жоспар бойынша спорттық гимнастикадан 2021 жылғы әлем чемпионаты Копенгагеннің Королева аренасында 18-24 қазан күндері өтуге тиіс еді. FIG Атқарушы комитеті мұндай шешімге "өкініш білдіріп, көңілдері қалғанын" жеткізген. Осы жағдайға байланысты халықаралық федерация келесі жылы әлем біріншілігін өткізетін елге іздеу салып, жағдайды тез арада реттеуге кірісетінін айтқан. 

Айта кетерлігі, Дания астанасы Копенгаген әлем біріншілігін өткізу құқығын 2018 жылы әлем чемпионатында ұтып алған болатын.

Спорттық гимнастика бойынша әлем чемпионаты жыл сайын ұйымдастырылады. Тек, Олимпиада ойындары өтетін жылы ғана болмайды.  
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу